Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің 70 пайызындағы лифті талапқа сай емес

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің 70 пайызындағы лифті талапқа сай емес
Сурет: Aikyn.kz

Бұл туралы «Қазақстан Ұлттық лифтшілер қауымдастығы» мәлімдеп отыр.

Мамандар ең қауіпті лифтілер ескі үйлер мен жаңадан салынып жатқан эконом санаттағы үйлерде екенін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv келтірген дерек бойынша, мұндай тұрғын үйде өрт бола қалса, жеделсатылардың іші бірден түтінге толып түгі қалмай жанып кету қаупі бар.

«Соңғы талапқа сай егер тұрғын үйдің ішінде өрт болса қалса лифті лаулап жанып кетпеуі керек. Сол үшін де барлық үйлерде өртке төзімді лифт түрі орнатылуы тиіс. Бірақ көп құрылыс компаниясы бұл қауіпсіздік шарасын елемей отыр. Тек соңғы кездері комфорт санатты үйлерді салып жатқандар ғана өртке төзімді лифт орнатуда», - дейді «Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығы» ЗТБ президенті Ержан Игібаев.