Бейсенбідегі ауа райы мәліметі

Бейсенбідегі ауа райы мәліметі
Сурет: С-inform.info

Елдің солтүстігінде көктайғақ болып, қарлы боран соғады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бейсенбі, 21 қазанда, ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде + 7 + 9, күндіз + 18 + 20.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы циклон мен оның атмосфералық фронтальды бөліктеріне байланысты анықталады. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, түстен кейін оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), тек республиканың шығысында және солтүстік-шығысында, антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыста және оңтүстік -шығыста, елдің орталығында тұман, оңтүстікте шаңды дауыл, республиканың батысы мен солтүстігінде көктайғақ, қарлы боран күтіледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.