Алматыдағы хостелде өрт кезінде зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетілуде

Алматыдағы хостелде өрт кезінде зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетілуде
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт салдарынан зардап шеккен 5 адамға медициналық көмек дәрігерлер қойған диагноздар аясында толық көлемде көрсетілуде, деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков ӨКҚ брифингінде.

«Зардап шеккен төрт адамның жараларына алғашқы хирургиялық емдеу көрсетілді: эвакуация кезінде бұл азаматтардың денелерінің түрлі бөліктері зақымданған. Оларды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі күні бір пациент угарлы газбен улану диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта, есін жиды және оған ем толық көрсетілуде», - деді Иран Шаметеков. 

Жаралады емдеге соң зардап шеккен төрт адам амбулаториялық емделуге үйлеріне жіберілді. 

Шәріпов көшесіндегі өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Хостелде барлығы 72 тұрғын болды, олардың 12-і студен. Хостел тұрғындары арасында кәмелетке толмағандар жоқ.