Алматыдағы «Aport Mall» сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

Алматыдағы «Aport Mall» сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
Сурет: Egemen.kz

 Алматы маңындағы ірі сауда ойын-сауық орталығына «бомба қойылғаны» туралы хабарлама түскен.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі «Апорт» сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны» туралы хабарлама түскенін растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиға орнында полиция мен мамандандырылған қызметтер жұмыс істеп жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта саперлар ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сондай- ақ, бомба туралы хабарлаған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіле бастады», - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.