Балалар − еліміздің болашағы

Балалар − еліміздің болашағы almaty-akshamy.kz

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ел көңіліне қонымды әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Соның ішіндегі ең ерекше реформаларының бірі − ұлттық қордан өскелең ұрпаққа кәмелет жасына толғанға дейін бөлінетін қаржылық үлесі жайында. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөзді болашақ жастардың қолында екенін, оларға жасаған  тәрбиелік және қаржылық инвестицияның бекерге кетпейтінін аталарымыз біліп айтса керек.


Олай болса, бүгінгі жаңа реформа оның жарқын дәлелі іспеттес. Балаларға жағдай жасау, оларға көмек қолын созу, қолдау үлкендердің міндеті, парызы. Жастайынан қолдау көріп өскен бала «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, болашақта еліне жанашыр, қамқор болатыны сөзсіз.


Бұл реформа − Жаңа Қазақстанды құрудағы алғышарттардың бірі. Ел Президентінің бұл көрегенділігі қолдауға тұрарлық  құптарлық іс. Мұндай істерде Жаңа Қазақстандағы жұрт жағдайын жақсартатын жақсы реформалардың  орындалуы мен жүзеге асуы қадағалануы тиіс.


Жаңа Қазақстанды құру балалардан бастау алғаны көңіл қуантып қана қоймай, болашаққа деген сенімнің қайта жандануына үлес қосты. Ендеше,  осындай игі істерге ұйытқы болып отырған Президентіміздің жаңа бастамаларын қолдай отырып, әрі қарай да жаңа реформалар күтетінімізді айтқымыз келеді.


 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12