Алматыдағы Түрксіб ауданының пробация қызметінде 379 сотталған есепте тұр

Алматыдағы Түрксіб ауданының пробация қызметінде 379 сотталған есепте тұр Сурет: Polisia.kz

Олардың арасында жастықтың буымен немесе жұмыссыздықтан әртүрлі қылмысқа барғандар да бар.


Жазалы адамдарды қоғамға толыққанды пайдалы адам етіп қайтаруда пробация қызметкерлері түрлі тәрбиелік-психологиялық іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Солардың бірі жуырда психолог Әсем Искакова өткізген сотталғандарға психологиялық көмек көрсету сабағы.



«Сотталғандарға көрсетілетін психологиялық көмектің маңызы зор. Оларды дұрыс жолға бағыттап, мамандық алуларына және жұмысқа орналасуларына ықпал ету аясында атқарылатын іс-шаралардың бірі осы психологиялық көмек көрсету. Сотталған адам өзін ешкімге керегі жоқ сияқты сезініп, қоғамнан оқшаулана бастайды. Осындай тағдыр тәлкегіне түскендерді психологиялық көмек арқылы қайтадан ортаға тарту, көпшілікпен ортақ тіл табысуға көмектесу қажет. Психологиялық көмектің мақсаты – сотталғандарды бүгінгі күннің талабына сай келетін ізденістерге қызықтырып, патриоттық және отаншылдық сезімдерін арттыру. Сол арқылы олардың қалыпты өмір бастауларына көмектесу», – дейді психолог маман Ә.Искакова.



Түрксіб ауданы пробациялық бақылау қызметі ұйымдастырған психологиялық көмекке 50-ден астам сотталған қатысып, іс-шара соңында сотталғандар психолог-маманға әртүрлі сұрақтар қойып, туыстарымен арадағы қарым-қатынастарын дұрыстауға, адал еңбек етуге деген құлшыныстарын білдірді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42