Алматыда «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» өтіп жатыр

Алматыда “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” өтіп жатыр, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.

13-19 қараша аралығында Алматыда “Жол қауіпсіздігі апталығы” профилактикалық науқаны өтіп жатыр. Ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешу және іс-шараларды басқару үшін арнайы штаб құрылды. Оны жүзеге асыруға жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полицияның қызметкерлері, жұртшылық пен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Polisia.kz

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізу арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігінің негіздері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл іс-шаралардың әрқайсысының профилактикалық сипаттағы өз атауы болады. Мысалы, “Қамқор ана”, “Сіздің жолаушыңыз – бала”, “Студенттік идеялар мен бастамалар”, “Үздік автомектеп”, “Жүргізушіге хат”, “Біз өмірге сенеміз”, “Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні”.

Басты мақсат – жол қозғалысы ережелерін бұзуды жою, жол қозғалысы ережелерін еске түсіру, олардың негізгі талаптарын жол қозғалысына қатысушыларға, әсіресе өскелең ұрпаққа жеткізу.

– Біздің басты міндетіміз – көлік қозғалысының қарқындылығы жағдайында мектеп оқушыларының жол қозғалысына қатысу қауіпсіздігін барынша арттыру және олардың ірі қала жолдарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәжірибе көрсеткендей, қараңғыда көліктің фараларына жыпылықтайтын жаяу жүргінші 150-400 метр қашықтықта көрінеді. Сонымен қатар жүргізушінің тежеуге уақыты жеткілікті, – деді науқанды ұйымдастырушылар.