Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болады

Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болады
Сурет: ашық дереккөз

Әкімдік қала тұрғындарына әлеуметтік және спорттық бағыттағы нысандарды «қолжетімді» ету үшін жұмысты жалғастырып жатыр.

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев 2023 жылдың II тоқсанында «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылатынын айтты, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz

Онда жүзу, су добы, синхронды жүзу, баскетбол және басқа да спорт түрлері болады. III тоқсанда әлеуметтік нысандар орталығы ашылады. Онда «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы, «Шыңға өрлеу», «Ардагерлер кеңесі» және «Мүгедектер қоғамы» әлеуметтік клубтары орналасады. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджеттен ақша бөлінген.