Алматыда заңсыз салынған кезекті жазғы кафе сүріледі

Алматыда заңсыз салынған кезекті жазғы кафе сүріледі
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Назарбаев даңғылындағы 240 үйде орналасқан  бойынша "Здесь и сейчас" кафе-барының жазғы террассасы сот шешімімен сүрілетін болды. 

Bars Holding ЖШС меншік иесі рұқсат құжаттарынсыз мемлекеттік қордың жерлер қосалқы нысан тұрғызған. 2022 жылғы 28 маусымда қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) осы қосымшаны бұзу жөнінде талап арыз берген еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы МАЭС шешімімен қосалқы нысанның заңсыз салынғаны және оны бұзу туралы талап-арыздар толық көлемде қанағаттандырылды.
2023 жылғы 7 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүрілетін болады.