Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары кеңейтіледі

Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары кеңейтіледі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовскаяның қатысуымен брифинг өтті.

2022 және 2023 жылдар аралығында бірлестікке кеңес алу үшін 4000-нан астам азаматтың жүгінгендігі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Көп жағдайда азаматтар сауда, денсаулық сақтау, тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс салаларындағы қызметтердің сапасына қанағаттанбайды.

«Тұтынушылар лигасының негізгі мақсаты – саналы таңдау жасайтын адамның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру», - деп атап өтті С.Романовская.

Ол азаматтардың шағымдануының негізгі себептері ретінде сапасыз тауарлардың сатылуы, тауарлардағы баға белгілерінің болмауы және дұрыс еместігі, интернет-дүкендерден ақшаны уақтылы қайтарылмауы екенін атап өтті.

Тұтынушылардың шағымдары келесі салаларға бағытталған: 
* сапасыз тауарларды / техниканы сату - 32,6%; 
* белгіленген мерзімде қызмет көрсету/жұмыстарды орындау шартын орындамау-12,2%; 
* Абоненттік байланыс қызметтеріне-7,3%; 
* білім беру курстарына-7,3%; 
* әуе қызметтеріне-2%; 
* тұтынушылық дауларды қараудың сотқа дейінгі тәртібін бұзу-4%; 
* сатушының айырбастау/қайтару міндетін орындамауы-15,5%; 
* электрондық сауда саласындағы бұзушылықтар-14,7%.
 
Светлана Романовская халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын қолданыстағы ұлттық стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.