Алматыда тұрғын үйдің ауласында тұрған ГАЗель өртенді

Алматыда тұрғын үйдің ауласында тұрған ГАЗель өртенді
Сурет: ТЖД

Мамандар өртті 6 минутта өшірген.

Өрт аумағы 3 шаршы метр болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Оқиға Бостандық ауданында Володарский көшесінің бойындағы Forum тұрғын үй кешенінде болған. 31 қаңтарда сағат 12:45-те Бостандық ауданы, Володарский көшесі, 33-үйдің маңына өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Сағат 12:54-те келген кезде ГАЗель автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Қолданылған шаралардың арқасында өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 6 минуттан соң сөндірілген.

«Мұндай кезде оқиға куәгерлеріне уақыт жоғалтудың қажеті жоқ, «101» кезекші бөліміне хабарлау, қауіпсіз қашықтыққа бару қажет екенін еске саламыз. Оқиға орнына жақын жерде камераға түсіру өмірге қауіп төндіруі мүмкін», - деді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.