Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті

Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Сурет: Msk.ru

Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа соғылды.

Алматыда Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа дейін бар жылдамдықпен көтеріліп, үйдің төбесіне соғылды. Салдарынан жас жігіт зардап шекті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Белгілі болғандай, оқыс оқиға 29 маусым күні орын алған.

«Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа соғылды. Отбасымызбен осы тұрғын үй кешенінде 4-қабаттан лифтпен түстік. 1-қабатқа түскенде менен басқасының бәрі шықты. Есіктер жабылмастан, лифт жылдам жоғары көтеріле бастады. Жоғарыда біреу шақырып, есікті жаппаған шығар деп ойладым. Ол 7-қабатқа көтеріліп, одан әрі 25-қабатқа дейін жылдамдығы арта түсті»,-деп жазды видео авторы.

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен лифт жабдықтарын басқару бөлімінің мамандары аталған мекенжайға барып, лифтке визуалды тексеру жүргізген.

«Оқиғаның себептері нақтыланып жатыр. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Все об Алматы (@nash.almaty)