Қор нарығында теңге нығая түсті

Қор нарығында теңге нығая түсті
Сурет: Azh.kz

АҚШ доллары 2,83 теңгеге арзандады.

KASE Қазақстан қор биржасының ақпараты бойынша, 15:30-да жүргізілген сауда-саттықта доллардың орташа өлшенген бағамы 472,68 теңгені құрап, тағы 2,83 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 8 теңгеге дейін төмендеді (-0,19).

Қытай юані мен еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық Банк юань бағамын 66,85 теңгеге, еуроны 464,15 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 473-477 теңгеден, еуроны – 460-466 теңгеден, ресей рублін – 7,25-7,55 теңгеден сатып алады/сатады.