Алматыда тонаушы ұсталды

Алматыда тонаушы ұсталды
Сурет: Polisia.kz

21 жастағы жігіт қылмыс жасау арқылы ақша тапқан.

Алматыда ол жасаған 5 тонау дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өтіп бара жатқан адамдарға жақындап, өмірлік форс-мажорлық жағдайға сүйене отырып, олардан қоңырау шалу үшін телефонын сұрады, содан кейін біреудің ұялы телефонын алып қашып кеткен.

«Тергеудің осы кезеңінде 21 жастағы А.есімді азамат жасаған 5 тонау дерегі анықталды. Ол ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ПД УҰИ-на орналастырылды. Жеңіл ақшаны ұнататын азамат қанша рет және қаланың қай ауданында қарақшылық шабуыл жасағанын ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша жүргізіліп жатқан қосымша тергеу анықтайтын болады. Бірқатар эпизодтар бойынша заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», — деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.