Ресейде автомобиль өндірісі тоқтады

Ресейде автомобиль өндірісі тоқтады
Сурет: 5koleso.ru

Санкция салдарынан елде автомобиль өндірісі тоқтады.

20-ға жуық кәсіпорында жұмысшылар ұзақ мерзімді ақысыз демалысқа жіберілген. Шамамен 300 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін.  Өйткені кәсіпорындар жұмыс істемей тұр. Қажетті бөлшектердің 60-70 пайызы өзге елдерден импортталатын. Ресейде ең жоғары сұранысқа ие автомобиль бөлшектерінің бағасы бірнеше есе өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Валюта бағамының тұрақсыздығы мен логистиканың айтарлықтай күрделенуі осындай жағдайға әкеп соқтырды.

«Көлікке арналған бөлшектерді іздеумен күніміз өтеді. Бұрын Еуропадан бөлшектерді алып келетінбіз, қазір ондай мүмкіндік жоқ. Қытайдан арзан тауарды аламыз бірақ ол сәйкес келмейді. Өмір сүру қиындады. Бәрі қымбаттап жатыр», - дейді көлік жүргізушісі Максим Пожилой.

Қазір автосалондарда көлік мүлде жоқ. Жалпы, көлік сату 96 пайызға азайған. Сонымен қатар, автонесие бағдарламасы да мүлде тоқтады. Сарапшылар мәселені түбегейлі шешуге бірнеше жыл керек болатынын мәлімдеп отыр.