Алматыда Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған жиын өтті

Алматыда Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған жиын өтті
Сурет: Almaty.tv

Өмірін баяндайтын кітаптың тұсауы кесілді.

Биыл Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туғанына - 100 жыл. Осыған орай Алматыда өзі қызмет еткен Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қабырғасында жиын өтті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Іс-шарада даңқты ұшқыштың жары мен артынан ерген ізбасарлары бой көрсетіп, арнайы сөз сөйледі. Сонымен қатар, конференция барысында ел бағына туған қаһарман ұлдың өмірін баяндайтын кітаптың тұсауы кесілді.

«Қазақ халқынан небір керемет батырлар шыққан. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде оқ бойы озып ұлттың рухын әлемге асқақтатты. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына арналған шараны өткізіп жатырмыз», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Сыдықов.