Алматыда суға шомылу ережесін бұзған 9 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Алматыда суға шомылу ережесін бұзған 9 адам әкімшілік жауапқа тартылды
Сурет: Тengrinews.kz

Қайталап бұзған жағдайда 2 АЕК, яғни 6 мың теңгеден астам айыппұл салынады.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері қаланың су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 9 азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сайран көлінің батыс жағалауында шомылуға тыйым салынған жерде 25 жастағы екі ер адамға және су қоймасының жанында алкогольді ішімдік ішіп отырған 45 жастағы әйелге айыппұл салынды. Олар ҚР ӘБ туралы Кодексінің 364-бабына сәйкес «ортақ су пайдалану ережелерін бұзу», сондай-ақ 440-бабына «алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу» бойынша әкімшілік жауапқа тартылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, маусым айынан бастап 9 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қайталап бұзған жағдайда 2 АЕК, яғни 6 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Айта кетейік, Алматы аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленген.