Елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді

Елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді
Сурет: Polisia.kz

Оның 1864-і бір тәулік ішінде ашылды.

Бір аптада Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Бір апта ішінде 2948 қылмыс жасалды, оның 1864-і тәулік ішінде ашылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 37 тонау және 465 бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы анықталып, осы қылмыстардың мән-жайы белгілі болды.