Алматыда соттың шешімімен ірі мейрамхана сүрілді

Алматыда соттың шешімімен  ірі мейрамхана сүрілді
almaty-akshamy.kz

Соттың шешімі бойынша Алматыда ірі мейрамхана сүріледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі барысында  Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында 68 мейрамхананың  рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған болатын. 

Меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Мерзім өткеннен кейін меншік иесі ұсыным талаптарын орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді.

26.08.2022 жылы сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, алайда жауапкер апелляциялық шағым берді. 
19.10.2022 жылы қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы  соттың шешімі өзгеріссіз қалды. 

2023 жылдың 13 сәуірінде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады.

Рабаев Медет Ерболатұлы,
Әуезов және Наурызбай аудандары бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы

Арнұр Бақберген, сот орындаушы