Алматыда садақа жәшігін ұрлаған әйел ұсталды

Алматыда садақа жәшігін ұрлаған әйел ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қылмыс бейнебақылау камераларына жазылған.

Полицияға хабарлама мекеме басқарушысынан келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғыны анықталды. Әйелдің асханаға кіргені белгілі болды. Әкімшімен сөйлескенде, ол ақша жинауға арнап орнатылған қорапқа назар аударған. Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, ол қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен», – дейді Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды. Айтпақшы, Ш.есімді әйел бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.