Алматыда пробация қызметкерлері сотталған адамды жұмысқа орналастырды

Алматыда пробация қызметкерлері сотталған адамды жұмысқа орналастырды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Әуезов аудандық пробация қызметі есепке алынған сотталғанды нан пісіру өндірісіне жүк тасушы етіп жұмысқа орналастырды.

Ұрлық жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотталған 38 жастағы жігіт бұған дейін жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың маусым айында сот үкімімен 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілген ол қалалық ҚАЖ департаментіне қарасты Әуезов аудандық пробация қызметінің бақылауына алынған болатын.