Алматының ЖҚАЖ қызметкері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы атанды

Алматының ЖҚАЖ қызметкері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы атанды
Сурет: Polisia.kz

Ол 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогында полиция қызметкері Саида Хасенова бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жарысқа 17 команда қатысты. Өз басым 3 жекпе-жек өткіздім. Олар қиын болды. Бірақ мен басынан-ақ жеңіске жетуді мақсат еттім, жақсы дайындықтан өттім. Нәтижесінде Алматыға алтын медальмен оралдым», – деді Алматы қалалық ПД ЖҚАЖ инспекторы Саида Хасенова.

Хасенова – бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, Азия чемпионы, әлем кубогының жүлдегері.2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы.

Ол ЖҚАЖ-да әйелдер взводы құрылғаннан бері қызмет етеді.