Алматыда Өзбекстаннан келген такси жүргізушісі рульде мас күйінде ұсталды – ПД

Алматыда Өзбекстаннан келген такси жүргізушісі рульде мас күйінде ұсталды – ПД
сурет: ПД

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді

Райымбек даңғылы мен Куратов көшелерінің қиылысында 1986 жылы туған Өзбекстан Республикасының А.есімді азаматы тізгіндеген «Дэу Нексия» маркалы автокөлігін полиция қызметкерлері байқап қалған. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті «орташа деңгейдегі» алкогольдік масаң күйде басқарған.  Осы дерек бойынша патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалды толтырды және МАӘС шешімімен А.есімді азамат әкімшілік қамаққа алынды.  Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.  Осы азаматқа қатысты ҚР АІЖК-нің 382-бабына сәйкес қамауға алу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының шекарасынан шығару туралы сотқа талап арыз жіберілетін болады», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, бөлімшеде, «Заңсыз» іс-шарасының 7 күнінде 939 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.  Елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстаннан уақтылы кетпегені үшін 560 шетелдік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне 236 шетел азаматы орналастырылды.