Қазақстандық бокстан әлем чемпионы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды

Қазақстандық бокстан әлем чемпионы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Нұрбек Оралбай төрешілердің әртүрлі шешімімен 3:2 жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Нұр-Сұлтандағы Elorda Cup халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оралбай 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында қытайлық Туохет Аербекпен жұдырықтасты. Айқаста Оралбай төрешілердің әртүрлі шешімімен 3:2 (28-29, 28-29, 29-28, 29-28, 29-28) жеңіске жетті. 
Осылайша, Нұрбек Оралбай Elorda Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Нұрбек Оралбай - жастар арасында әлем чемпионы (2018 жыл).

Бұған дейін Елорда кубогында Қазақстан құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 кг дейін), Сәкен Бибосынов (51 кг дейін), Махмұд Сабырхан (54 кг дейін), Серік Теміржанов (57 кг дейін), Саматәлі Төлтаев (60 кг дейін) және Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг дейін), Абзал Серік (70 кг дейін) және Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін) жүлдегер атанған.