Алматыда оқушылар қашықтан оқуға көшеді

Алматыда оқушылар қашықтан оқуға көшеді
almaty-akshamy.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты 13-14 желтоқсанда 0,1-9 сынып оқушылары  қашықтан оқуға көшіріледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Алматы қаласы білім басқармасына сілтеме жасап.

Қазгидромет ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында ауа райы күрт суиды (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус). Осыған орай биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді- деген хабарламада.