Алматыда көлік жуу орнының кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда көлік жуу орнының кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Күдікті 30 жастағы Т.есімді азамат кінәсін мойындаған.

Алматылық полицейлер көлік жуу орнының кассасынан ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жансүгіров көшесіндегі көлік жуу орнының кассасынан 500 мың теңге ұрланғандығы туралы қылмыстық іс Жетісу аудандық ПБ-ға тіркелді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы Т.есімді азамат ұсталды.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол көлік жуу мекемесінің жұмысшыларының жоқтығын пайдаланып, 500 мың теңгені ұрлағаны белгілі болды. Ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрлық болған сәт камераларға түсіп қалған. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық)  бойынша көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тергелуде. Ол өз ісін мойындады», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.