Алматыда қысқы марафон өтеді

Алматыда қысқы марафон өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 қысқы мерейтойлық жарысы өтеді

Winter Run 2024 – бұл биыл оныншы рет өтетін әрі  2024 жылғы  дәстүрлі бірінші қысқы жүгіру. Аталған спорттық іс – шара 2024 жылғы жүгіру іс-шараларының күнтізбесін ашады және 29 қыркүйекке жоспарланған Almaty Marathon үлкен стартына дайындық  іспетті.

Жарысқа 10 жастан бастап барлық ниет еткендер қатыса алады, 15 жастан асқандар  10 км және 7 км скандинавиялық серуендеуге және 10 жастан 14 жасқа дейінгілер 3 км балалар қашықтығына қатыса алады. Жарыстың басталуы мен аяқталуы әл-Фараби даңғылындағы «Нұрлы Тау» БО-дан жоспарланған.

Мәре сызығында барлық спортшыларға естелік медаль табыс етіледі. 3 км қашықтықтағы қыздар мен ұлдар арасындағы үш жеңімпаз, сондай-ақ 10 км жас санатындағы жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және серіктестердің сыйлықтарымен марапатталады. Әйелдер мен ерлер арасындағы 10 км қашықтықтағы абсолютті есепте жеңімпаздарға негізгі сыйлықтардан басқа, ақшалай сертификаттар беріледі.

Winter Run 2024 ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, Krida фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және #Сен басқасың мультиспорттық Youtube-арнасы қолдауымен. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

Ағымдағы жылы Алматыда дәстүрлі маусымдық жарыстар жоспарланған, олар: Summer Run, City Run, Sora Almaty Run, Tau Jarys, Almaty Half Marathon жартылай марафоны, веложарыс – Almaty city Туры және Жылдың ең күтілетін оқиғасы – Almaty Marathon. «Almaty Marathon», «Almaty Half Marathon» және «Almaty Copa Run» сайттарында тіркелу ұйымдастырушылардың ресми сайтында қолжетімді almaty-marathon.kz. Іс-шаралар күнтізбесімен Алматы марафонының сайтында танысуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Василина Атоянц, «Алматы марафоны» халықаралық жүгіру іс-шарасының ұйымдастырушысы болып табылатын «Бірінші болу- батылдық» корпоративтік қорының PR-менеджері: +7 (727) 311-51-85, +7 (707) 401 43 79, prmanager@almaty-marathon.kz