Алматыда қысыммен атылған кәріз құдығының қақпағы көлікті зақымдады

Алматыда қысыммен атылған кәріз құдығының қақпағы көлікті зақымдады
Сурет: Massaget.kz

Сол маңда жол жиегінде тұрған көлікке зақым келді.

 Көлік иесі оның шығынын қалай өтеп аларын білмей әлек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кәріз қақпағы атылып шығып, жеңіл автокөлікті зақымдағаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

«Атылып ұшқан кәріз қақпағы көлігімді қиратты. Көлікпен өтіп бара жатқан және жаяу адамдардың сөзінше, кәріз қақпақтары жолдың қарсы бетінде және Саин-Рысқұлов көшелерінің қиылысы тұсында да ұшып шыққан (мұнда да көлік бүлінген).

Шамасы кәріз жүйесінде газ атылған болса керек. Енді көлігімнің шығынын кім өтейтінін білмеймін», - деп жазды көлік иесі желіде.

Осыған байланысты «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, зақымдалған көлікті «Алматы Су» МКК қалпына келтіретін болады.

«10 мамырда Саин даңғылындағы автотұрақта тұрған автокөлік су бұру жүйесінде орнатылған жабық кәріз құдығынан ұшып шыққан люктің салдарынан зақымданды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Болған жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы ішкі комиссия құрылды. Зақымдалған автокөлік ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен «Алматы Су» МКК көмегімен қалпына келтіріледі», - деп хабарлады компаниядан.