Қазақстандық шорт-трекші жарыстан шеттетілді

Қазақстандық шорт-трекші жарыстан шеттетілді
Сурет: Elorda.info

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жарыстың ширек финалында Никиша сүрініп, нидерландылық Ицкак де Лаатты құлатты. Осының нәтижесінде отандасымыз жарыс жолынан шеттетілді. 

Айта кетейік, бұл жарыста тағы бір қазақстандық Әділ Ғалиахметов те өнер көрсетті. Ол финалға жолдама алған болатын.