Алматыда қираған экологиялық бекеттер қалпына келтіріліп жатыр

Алматыда қираған экологиялық бекеттер қалпына келтіріліп жатыр
Cурет: Inform.kz

13 экопосттың жұмысы қалпына келтірілді

Алматыда ауа, топырақ, су және радиация мөлшері сынамаларының талдауын жинауға қажетті стационарлық экологиялық посттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасында хабарлағандай, бүгінгі таңда 13 экопосттың жұмысы қалпына келтірілді. Қалған 6 экопост ақпан-наурыз айларының соңына дейін жұмысын бастайды. Көктем мезгілі басталысымен Алматыда жылжымалы экологиялық бекеттер де өз жұмысын бастамақшы.

Айта кетсек, Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде бұзақылар 13 экологиялық постты өртеп, 4 бекетті сындырып, тонаған. Тек 2 бекет қана аман қалған болатын.