Алматыда киберқауіпсіздік бойынша өңіраралық оқу-жаттығу басталды

Алматыда киберқауіпсіздік бойынша өңіраралық оқу-жаттығу басталды
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыда «ТМД және Араб елдері үшін киберқауіпсіздік бойынша өңіраралық оқу-жаттығу» шарасы басталды.

Қазір әлемде саяси шиеленістер жиі болады. Осы кезде елді кибершабуылдан қорғайтын мамандардың саны мен сапасын арттырған жөн.

Оған Орта Азия және Америка, Еуропа елдерінің, БҰҰ-ның сарапшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мақсат - халықаралық киберқауіпсіздікті күшейту. Олардың сөзінше, технология дамыған заманда бұл мәселе өте өзекті. Шара барысында әлемнің 20 мемлекетінен жиналған 16 команда өзара тәжірибе алмасып, Қазақстандық инженер, ІТ саласының мамандарына ақпаратты қорғаудың тың тәсілдерін үйретеді. Мұндай ауқымдағы шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

«Киберқауіпсіздікті қаматамасыз ету үшін мемлекет жыл сайын серверлер мен антивирус немесе файрволдарды сатып алуға қыруар қаржы жұмсайды. Десе де, ең алдымен, оның бәрін жүзеге асыратын сапалы мамандар керек екенін түсінген жөн. Осындай шаралар отандық инженерлер, ІТ саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және арнайы кадрларды даярлауға септігін тигізеді», - деді Кибершабуылдарды бақылау орталығының президенті Олжас Сатиев.