Алматыда «кезекші» халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Алматыда «кезекші» халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
365info.kz

Алматылықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қызмет алуға үлгермей қалатындарын айтып шағымдануда. Осыған орай, қызмет алушылардың талап-тілектерін ескере отырып, Алматыда «Кезекші ХҚО» ашылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта қызмет алып үлгермеген азаматтар Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 мекенжайында орналасқан Алмалы аудандық ХҚО-ға жүгіне алады. Құжаттандырудан басқа барлық қызметтер сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі. Ал, автокөлік иелері үшін Түрксіб ауданы, Құлжа тасжолы, 9 км «Керуен» тойханасы ғимаратында орналасқан Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №5 бөлімі 2 сағатқа ұзағырақ жұмыс істейді», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында.

Сондай-ақ, филиалда мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды түрде алуға болатынын еске салды.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының фронт-офистері дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.