Алматыда қалалық Medeu Weekend фестивалі өтеді

Алматыда қалалық Medeu Weekend фестивалі өтеді
Сурет: Kp.ru

Аталмыш шара сағат 16:00-де басталады.

2022 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 16:00-де Медеу мұз айдынында Medeu Weekend қалалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шара стрит-арт, ресайклинг-арт, роллер-спорт сияқты коммьюнити өкілдері үшін тартылыс орталығына айналады. Бүкіл аумақ өзінің іс-шаралар бағдарламасы қарастырылған аймақтарға бөлінеді. Суретшілердің арт-инсталляциялары ұсынылатын Арт-аймақ ерекше  болады.

Іс-шара бағдарламасында: қол бұйымдарының жәрмеңкесі, музыкалық бағдарлама, роликтермен сырғанау, ашық аспан астындағы кинотеатр және т. б. жоспарланған.