Алматыда инфекцияның алдын алу бойынша ұлттық конференция өтеді

Алматыда инфекцияның алдын алу бойынша ұлттық конференция өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстандағы ИАИБ жүйесін жетілдірудің одан әрі қадамдары айқындалатын болады

Алматыда 22-23 қыркүйекте инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі ұлттық конференция өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы Колумбия университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығының филиалымен (ICAP) бірлесіп, "Шеврон" компаниясымен серіктестікте ұйымдастырды. 

Конференцияда Қазақстанда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін (ИАИБ) іске асыру бойынша негізгі мәселелер ұсынылып, талқыланады және Қазақстандағы ИАИБ жүйесін жетілдірудің одан әрі қадамдары айқындалатын болады.  

Іс-шараға ҚР ДСМ-нің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, өңірлік Қоғамдық денсаулық басқармаларының өкілдері, мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың басшылары қатысады.