Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі

Алматыда ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізіледі
Сурет: Abai.kz

Алматыда Мемлекет басшысының қолдауымен "ҚазҚСҒЗИ" АҚ және ҚР ТЖМ сейсмология институтымен бірлесіп қалалық нысандарға сейсмоаудит жүргізіледі.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жұмысты осы жылдың шілде айында басмтап, 2024 жылы аяқтаймыз. 2000 жылдан соң салынған 16 701 нысан зерттеледі. Оның ішінде 1 641 - көппәтерлі тұрғын үй, 15 060 - азаматтық және қоғамдық ғимараттар. Сондай - ақ, 2023 жылы 16 әлеуметтік нысанды сейсмикалық күшейту жүргізіледі және 34 нысанды сейсмикалық күшейтуге ЖСҚ әзірленеді», - деді қала басшысы.

Жаңа сейсмоаудит Алматының соңғы 5 жылдағы белсенді дамуын ескере отырып, оның паспорттарын жаңартуға мүмкіндік береді.