Алматыда Gakku Dauysy фестиваліне байланысты бірнеше көшеде жол жабылады

Алматыда  Gakku Dauysy фестиваліне байланысты бірнеше көшеде жол жабылады
Сурет: Qazradio.fm

Алматы қаласы Полиция департаменті тұрғындарды қала күнімен құттықтайды, жыл сайын өтетін Gakku Dauysy музыкалық фестивалінің өтуіне байланысты 17.09.2022 күні сағат 22.00 ге дейін бірнеше көшеде жол жабылатынын хабарлайды. 

Төле би даңғылы бойынша Қонаев көшесі мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында жол жабық болады. 

Сонымен қоса Назарбаев даңғылы бойымен Қабанбай көшесі мен Гоголь көшелерінің арасында да жол жабылады.

Абылай хан даңғылы бойымен Қабанбай батыр көшесінен Гоголь көшесі аралығында да жүруге болмайды. 

Осы себепті Алматы қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын өз бағыттарын алдын ала өзгертіп, жол жүру ережелерін сақтауға кеңес береді.