Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті

Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Күдіктіні қаланың төменгі бөлігіндегі тұрғын ауданда қызмет етіп жүрген патрульдік полиция қызметкерлері әшкереледі.

«Ер адамның іс-әрекеті күдік туғызды. Жедел-тергеу тобы оны жеке тінту барысында құрамында ұнтақты зат бар байламдарды тауып, тәркіледі. Оларға қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат қамауға алынды», – деді Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.