Сеулде Абай Құнанбайұлына арналған онлайн дәріс өтті

Сеулде Абай Құнанбайұлына арналған онлайн дәріс өтті
Сурет: Abai.kz

Онлайн-дәріс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған іссапарымен орайластырылды.

Оңтүстіккореялық студенттер Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Хабар 24» сайты таратқан ақпарат бойынша, Сеулдегі  Түркітану институтында өткен іс-шараға хәкім Абайдың шығармашылығын корей тіліне аударған аудармашы, ақын Ким Бён Хака қатысты. 

Сеулдегі кибер университетінде ұлы ақынның құрметіне жасалған ескерткіштің ашылуы өтеді. 

«Осы дәрістер арқылы қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаевпен жақынырақ таныстым. Оның шығармашылығы мен даналығына тәнті болдым. Әсіресе «Ескендір» поэмасы әсерлі болды. Онда ұлағатты, нақыл сөздер көп екен», -дейді Түркітану институтының қызметкері Ли Ен Джон.