Алматыда «CAREER TIME» жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда «CAREER TIME» жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді
igenius.uz

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

NEET санатындағы жастардың үлесін төмендетуге ерекше назар аударылады (жұмыссыз, біліммен немесе кәсіптік даярлықпен айналыспайтын және білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту саласынан тыс жастар).

Ресми статистикаға сәйкес, оңтүстік астанада 14-35 жастағы азаматтардың жалпы санынан NEET үлесі 6,0 % құрайды. Айта кету керек, Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасында жастар саласындағы негізгі индикатор бұл көрсеткішті 3%-ға дейін төмендету болып табылады.

Мамандар ҚР еңбек заңнамасына сәйкес, толық ақпаратпен бөлісіп, жәрмеңке қонақтарына буклеттер, жадынамалар және т.б. сияқты анықтамалық-ақпараттық материалдарды ұсынады.

Бағдарламада жұмысқа орналастыру бойынша жетекші мамандардың шеберлік дәрістері қарастырылған.

Іс-шараға 200-ден астам компания, 35 ЖОО, 83 колледж түлектері мен жұмыссыз жастар қатысады.

"CAREER time" – жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі 2022 жылдың 7 желтоқсанында "Балуан Шолақ" спорт кешенінде (Абай даңғылы, 44)  өтеді. Басталуы таңғы сағат 10:00-де.
Анықтама телефоны: +7701 278 80 15 Айгүл Маратқызы