Елімізде "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" құрылады

Елімізде "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" құрылады
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР ИИДМ "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру туралы қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры»" акционерлік қоғамы құрылсын" – деп жазылған қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ құжатта Қоғам қызметінің негізгі мәні ретінде отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғырту жазылған.

Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2022 жылға көзделген республикалық бюджеттен 153150000 (бір жүз елу үш миллион бір жүз елу мың) теңге бөлу жоспарланған.

Қаулы жобасы 21 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.