Алматыда бюджет қаржысы есебінен 7 ірі спорттық нысан салынуда

Алматыда бюджет қаржысы есебінен 7 ірі спорттық нысан салынуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қалада ірі спорт нысандары бой көтереді

Бұл туралы Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Спикердің айтуынша, биыл жабық спорттық нысандардың құрылысы еселенген. Ағымдағы құрылыста бұл объектілердің қуаттылығы тәулігіне шамамен 10 мың адамды құрайды.

Қазіргі уақытта Алматыда бюджет қаржысы есебінен жеті спорттық нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде алтауы - спорттық-сауықтыру кешені мен теннис орталығы.

Сонымен қатар, жекеменшік ұйымдар бес ірі спорт нысандарын салып жатыр: үстел теннисі орталығы, Сұңқар ХШТК дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жұлдыз ықшамауданындағы спорт кешені, Май Вин дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Әуезов ауданындағы күрес орталығы. «Жан досым» теннис орталығы пайдалануға берілді.

2021 жылы аудандық әкімдіктер дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын орналастыру үшін қосымша жер телімдерін берді. Берілген 14 учаскенің жетеуі қаланың коммуналдық меншігінде, қалған жетеуі - жеке меншікте.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қорда орналасқан ауданы 0,3-тен 1 га дейінгі жеті учаске үшін қала құрылысы және урбанизм бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялады. Сонымен қатар, Атлетикалық ауылдың іргелес аумағында жабық жеңіл атлетикалық манеж салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тендер өткізілуде.

Р. Байсейітов атап өткендей, спорт басқармасы 2022-2024 жылдарға арналған  жалпы сомасы 3 миллиард 83 миллион теңгеге қаланың спорт ұйымдарын қажетті инвентарьмен және құрал-жабдықтармен кешенді түрде кезең-кезеңімен жабдықтау жоспарын дайындады.