Алматыда британдық, оңтүстіккореялық, түрік және ресейлік инвесторлардың қатысуымен жаңа жобалар жүзеге асырылуда 

Алматыда британдық, оңтүстіккореялық, түрік және ресейлік инвесторлардың қатысуымен жаңа жобалар жүзеге асырылуда 
Сурет: Іf24.ru

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

Ол пандемияға қарамастан, қала сыртқы инвестициялар үшін тартымды болып қала беретінін және бұл көрсеткіш бойынша сөзсіз көшбасшы екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 

Е. Оразалин Алматыда шетелдік инвесторлардың қатысумен бірқатар жаңа жобалардың жүзеге асырылып, әзірленіп жатқанын айтты. 


 
«Қыркүйек айында Esentai City базасында De Monford Британ университетінің бірінші филиалын ашу жоспарланып отыр, ал Алматыда халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы басталады», - деді ол. 

 
Басқарма басшысы 2 тамызда 150 төсек-орынға арналған көп салалы клиника жобасына 17,2 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отырған Orhun Medical түрік компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілгенін еске салды. 
 
Сонымен қатар, 11 тамызда «Медикал Партнерс» ұсынған кореялық инвесторлармен 200 кереуеттік Оңтүстік Кореяның заманауи медициналық орталығы мен зертхананың құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша келісім туралы меморандумға қол қойылды. 
  
Жақын арада ресейлік инвесторлар Алматыда «Леруа Мерлен Қазақстан» гипермаркетін салу жобасын іске асыруды бастауды жоспарлап отыр.