Алматыда бизнестің жеке мектептердің құрылысына жұмсаған шығындарын мемлекеттің қалай өтейтіні айтылды

Алматыда бизнестің жеке мектептердің құрылысына жұмсаған шығындарын мемлекеттің қалай өтейтіні айтылды
Сурет: Crimeantatars.club

Айта кетсек, Қазақстанда 2019-2021 жылдары 94 696 орындық 287 жекеменшік мектеп ашылды, оның ішінде Алматыда – 41 оқу орны.

ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында жеке меншік мектептерді салу неліктен тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Спикер атап өткендей, еліміздегі оқушылар саны жыл сайын артып келеді, сондықтан орта білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі толып кеткен мемлекеттік мектептердің жүктемесін азайту, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру жолында мектептер арасында салауатты бәсекелестікті дамыту болып табылады. Айта кетсек, Қазақстанда 2019-2021 жылдары 94 696 орындық 287 жекеменшік мектеп ашылды, оның ішінде Алматыда – 41.

Алпамыс Сатыбалдиннің айтуынша, 2018 жылдан бастап жеке меншік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі заңды түрде бекітілді. Жеке меншік мектептер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен жан басына шаққандағы норматив айқындалды.

Әдістемеге сәйкес, жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері екі компоненттен тұрады:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) іске асыруға арналған операциялық шығыстар. Жаңадан іске қосылатын жекеменшік мектептер үшін ағымдағы жылға норматив орта есеппен 532 мың теңгені құрайды;

- жылына жаңадан енгізілген әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар:

* құрылыс кезінде – 96 АЕК (294 мың теңге),

* реконструкция кезінде – 47 АЕК (143 мың теңге).

Қаржы орталығының өкілі қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жатақханаларды да, жекеменшік мектептерді де салу және реконструкциялау бойынша банктік қарыздарды субсидиялау тетігі жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Сонымен қатар, инвестордың баланың мектепте болуының жақсартылған жағдайларын ұсынғаны үшін ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар. Мемлекеттен төлеу мерзімі өткеннен кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты 20 жыл мерзімге тіркеу жалғыз шарт болады.