Түркіменстаннан 265 қандас елімізге көшіп келеді

Түркіменстаннан 265 қандас елімізге көшіп келеді Сурет: Inform.kz

Бұл туралы қоғам белсендісі Бурахан Даканов Фейсбук парақшасында халықтан сүйінші сұрап хабарлады.


Қоғам белсендісі қандастардың жергілікті халық арасына сіңісіп кетуіне қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.



«Сүйінші, ағайын! Атамекенге сонау Түрікменстаннан елін, жерін аңсаған 265 қазақ келе жатыр. Сүйінші!!! Көбейіп келеміз, тіпә-тіпә. Барынша таратып жіберіңіз. Бар қазақ көрсін! Қуансын!» - деп жазды қоғам белсендісі.



Бурахан Даканов елімізге оралып жатқан қандастарды енді аман-есен күтіп алып, олардың жергілікті халық арасына сіңісіп кетуі мәселесіне қатысты ұсынысын айтты.  



«Көп ағайындар бұл кісілерді солтүстікке көшіру керек деп жатыр. Бұрыннан бері айтып жүргендей, бұл ағайындарды теріскейге әкеліп, жерсіндіру үшін арнайы адаптациялық орталық керек. Әйтпесе, аздап қиналып қалады. Солтүстікке көшті қолдасаңыз, маған достық жіберіңіз. Теріскей ауылдарын адамға, даласын малға ел боп, жер боп, тізе қосып бірге толтырайық», - дейді Б.Даканов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14