Алматыда биыл алғашқы үшем дүниеге келді

Алматыда биыл алғашқы үшем дүниеге келді
Almaty-akshamy.kz

Алматы №2 қалалық перинаталдық орталықта бүгін үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Науқас шұғыл түрде толғақпен қабылданды, барлық қажетті аспаптық тексеру жүргізілді, содан кейін науқасқа кесарь тілігі жасалды.

Отаны өз ісінің мамандары - хирургтар: Азамат Ержанов пен Бақыт Әбішева жүргізді. Ота сәтті өтті. Нәтижесінде салмағы 2360 және 2420 грамм болатын екі ұл, салмағы 2050 грамм болатын қыз дүниеге келді.

Ұлдардың бірі, туғаннан кейінгі жағдайға байланысты, бір апта бойы реанимация бөлімінде неонатологтардың тәулік бойы бақылауында болды, онда оған барлық қажетті медициналық емдеу жүргізілді. Туғаннан кейін басқа балалардың жағдайына ештеңе қауіп төндірмеді және олар жаңа туған нәрестелердің патология бөлімінде анасының жанында болды.

Өз кезегінде, үшемнің анасы медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың кәсібилігі және қолдауына риза болды.

"Жоғары кәсібиліктің, ерекше зейіннің және құрметпен қараудың арқасында мен балаларымды дүниеге әкелдім. Мен барлық медицина қызметкеріне қиын, жауапты еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді, олардың арқасында менің балаларым қазір менімен бірге және біз үйге шыққалы жатырмыз",- деп атап өтті ана.