Алматыда Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Алматыда Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Суреттерді түсірген - Самат

Алматыда көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қы­рықбаев, қалалық Мәдениет бас­қармасының басшысы Ғани Майлибаев, қазақ әдебиетінің майталманы Дулат Исабеков, М.Әуезов атындағы Мәдениет және өнер институтының директо­ры, академик Кенжехан Матыжа­нов және әдебиеттанушы ғалым­ның шәкірттері, туған-туыстары, жас әдебиет сүйер қауым қатысты.

Шараны Бейсембай Кенже­байұлының шәкірті, әдебиеттану­шы, филология ғылымының докто­ры, профессор Құлбек Ергөбек жүргізіп отырды. Мемориалды тақтаны ашуға мұрындық болған Алматы қаласы әкімінің орынбаса­ры Арман Қырықбаев айтулы күн­де жиналған қауымға ризашылы­ғын білдірді.

Бейсембай Кенжебайұлы ға­лым, филология ғылымының док­торы, профессор. «Жас қайрат», «Лениншіл жас», «Кеңес туы», «Оңтүстік Қазақстан», «Социа­листік Қазақстан» газет-журналда­рында еңбек еткен.

Жазушы, Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік сыйлығы­ның иегері Дулат Исабеков сөйле­ген сөзінде әдебиеттанушы ғалым туралы естеліктерімен бөлісті. Әсіресе, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (ол заманда Киров атында­ғы мемлекеттік университет) білім алып жүрген кездегі ұстаздық ет­кен күндерді еске алды.

«Бейсекең біздің КазГУ-де оқып жүргенде сабақ берді. Мен сол үшін өзімді бақытты сезінемін. Қайратты, шашы кірпікшешеннің тікенегіндей, диірменнің тасын қойсаң жатпайтын шаш болатын... Батыл-батыл пікірлерін айтып келіп, сендер осыған қалай қарай­сыңдар, – дегенде, бәріміз қолдау­шы едік. Тұрып-тұрып, әй осы сендер өтірік қолдайсыңдар ғой дейм. Неге менің айтқанымның бәрін қолдай бересіңдер, – деп таң­қалатын. Шындықты айтпайсың­дар ғой сендер...», – деп естелік­терімен бөлісті.

Ал Кенжехан Слямжанұлы Ма­тыжанов болса, «Біз Бейсекеңнің дәрісін тыңдамадық. Бірақ біздің ұрпақ Бейсекеңнің еңбектері мен кітаптарыменен ауызданған ұр­пақ», – деп атап өтті. Ғалымның XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті мәселелерін концептуал­ды деңгейде зерттегенін айрықша айтты.

Салтанатты шарада Бейсембай Кенжебайұлына арналған екі кітап­тың тұсауы кесілді.