Алматыда базар маңындағы ақылы тұрақтар алынды

Алматыда базар маңындағы ақылы тұрақтар алынды
Сурет: tengrinews.kz

Тұрақ ақысы алынбайтын болды

Алматыда бүгінен бастап Солтүстік айналма жол маңындағы бірқатар базар мен «Нұрлы тау» бизнес орталығындағы көлік тұрағы үшін төлем алынбайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы қаласының учаскелік үлгідегі ақылы автотұрақтарды пайдалану құқығымен жер учаскелерін абаттандыруға және оған қатысты шарттың бұзылуына байланысты «АланПаркинг» ЖШС келесі базарларда орналасқан ақылы автотұрақтарды басқаруды тоқтатады. Олар «Барыс», «Олжа», «Адем», «Арлан», «Қазына», «Ялян», «Алатау-1», «Алатау- 2», «Болашақ», «Ақ-Бұлақ», сонымен қатар « Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңы, - деп нақтылады «АланПаркинг» компаниясынан.

2022 жылдың 7 мамырынан бастап аталған автотұрақтарда тұрақ ақысы алынбайды.