Соңғы тәулікте 11 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте 11 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Inform.kz

Өткен тәулікте 11 адамнан коронавирус табылды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған11 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 3, Алматы және Қызылорда облыстарынан - бір бір адамнан анықталды.

Сонымен қатар 107 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 584 жетті.