Алматыда баланы ұрған ер адам ұсталды

Алматыда баланы ұрған ер адам ұсталды
Cурет: Inform.kz

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алматыдағы көп қабатты үйлердің біріндегі кіреберісінде баланы ұрған ер адам анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқиғаның видеосы желіде тараған болатын.Бейнежазбадан подъезге кірген ер адам баланы басынан ұстап, ұрып жібергені көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов түсініктеме беріп, 55 жастағы адамның ұсталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша дене жарақатын алған баланың анасынан арыз келіп түсті. Ол 1 қыркүйек күні подъездің кіреберісінде 10 жасар баласын ұрып, дене жарақатын салған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады», - деді Р. Абдрахманов.