«Отбасы банк» бастапқы жарнаны төмендетеді

«Отбасы банк» бастапқы жарнаны төмендетеді Cурет: Inform.kz

Отбасының табысы ескеріліп, несие жылына 2-5% мөлшерлемемен беріледі.


«Отбасы банк» баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін бастапқы жарнаны төмендетеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бұның ипотекалық бағдарламалар аясында жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
«Пәтер алу үшін кезекте тұрған азаматтар үшін бастапқы төлем 10%-ға дейін төмендейді. Отбасы табысына байланысты несие жылына 2-5% мөлшерлемемен беріледі», – деді министр.
Мұнымен қатар, Бейбіт Атамқұлов жеткілікті шегінен асқан соң зейнетақы жинағына келіп түскен ақшаны «Отбасы банктегі» шотқа аударып отыруға рұқсат беруді тапсырды.
«Зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелеріне жинақтағы қаражат жеткілікті шегінен асқан соң, қалғанын «Отбасы банктегі» шотқа аударып отыруға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізіледі. Бұл азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жасалады», – деп қосты министр.
Бұдан өзге, Бейбіт Атамқұлов әзірлеушілерді қолдау мақсатында МЖӘ мен үлестік құрылыстың әлеуетін белсенді пайдалана отырып жобаны қаржыландыру механизмі енгізілетінін түсіндірді.
Еске салсақ, үй кезегіндегі тұрмысы төмен жандарға пәтерді жалға алуға берілетін субсидияның алдын ала мөлшері белгілі болғаны туралы хабарлаған едік. Мемлекеттік көмектің ең жоғары мәні Алматы қаласында: пәтердің 1 шаршы метріне – 0,55 АЕК (биыл 1 604 теңге) мөлшерінде субсидия беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54